×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ақтөбе облысында аутизммен ауыратын баланы тікұшақпен іздеп таппай жатыр

07.06.2024, 18:24
Ақтөбе облысында аутизммен ауыратын баланы тікұшақпен іздеп таппай жатыр
ТЖМ

Ақтөбе облысында 13 жастағы Кәрімді іздеп табу үшін Қазавиақұтқару тікұшағы жұмылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz ТЖМ-ге сілтеме жасай отырып.

2011 жылы туған, аутизммен ауыратын Кәрім төрт күннен бері із-түссіз кеткен. Ол 4 маусымда үйінен шығып кетіп, оралмаған.

Бүгін таңертең Қазақстан ТЖМ құтқарушылары жоғалған адамды тікұшақпен іздей бастады.

Ақтөбе облысы ТЖД гарнизонынан құтқарушылар мен кинологиялық қызмет те іздеуге кіріскен. Сонымен қатар, сүңгуірлер Ақтөбе аумағындағы су айдындарын да тексереді.