×
452.92
484.99
5.12
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
452.92
484.99
5.12

Ресей газы 2040 жылға дейін Қазақстан арқылы тасымалданады

07.06.2024, 19:40
фото: gazprom.ru

Қырғызстан мен Өзбекстанға Қазақстан аумағы арқылы өтетін ресейлік газ транзиті туралы келісімге Санкт-Петербург халықаралық форумында қол қойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Газпром" ЖАҚ Басқарма төрағасы Алексей Миллер мен "QazaqGaz "ҰК" АҚ басшысы Санжар Жаркешов қол қойған келісім шарттары бойынша газды Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстан мен Қырғызстанға 2025 жылдан 2040 жылға дейін Ресей тасымалдайтын болады.  

Газ транзиті үшін маршрутты "Орта Азия-Орталық" магистральдық газ құбырлары жүйесі базасында кеңейеді.  

"Алексей Миллер мен Қазақстан Республикасы премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Ресей газын Өзбекстанға тасымалдауды ұлғайту үшін "Орта Азия — Орталық — IV" магистральдық газ құбыры объектілерін дайындау жөніндегі іс — шаралар жоспарына қол қойды", - делінген хабарламада. 

Бұған дейін

Сарапшы Олжас Байділдинов ірі мұнай-газ келісімшарттары – Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған жобаларын қайта қарауды ұсынған.

Байділдиновтың айтуынша, Қазақстан ірі жобалардан тек ЭКБ (экспорттық кедендік баж) бойынша айына 500 миллион доллардан аз алады.

Серіктес жаңалықтары