×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қатерлі ісікпен қалай күресу керек: ғалымдар тың әдісті айтты

09.06.2024, 10:25
Қатерлі ісікпен қалай күресу керек: ғалымдар тың әдісті айтты
Пикабу

Адам Мицкевич университетінің ғалымдары картоп, қызанақ және баялды қатерлі ісікпен күресуге айтарлықтай көмектесетінін анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Зерттеулер бұл көкөністердегі гликоалкалоидтар  "күшті клиникалық құрал" бола алатынын көрсеткен. Университет сайтында осындай ақпарат жариялады.

Көкөністің бұл түрлері ісік клеткаларын жойып қана қоймайды, сонымен қатар химиотерапия мен басқа да дәстүрлі емдеу әдістерінің жанама әсерін азайтады.

Зерттеушілер бұл қолданыстағы терапия әдістеріне маңызды қосымша болуы мүмкін деп санайды, өйткені ол қатерлі ісіктің дәрі-дәрмектерге төзімділігінде шешуші рөл атқаратын қатерлі ісік жасушаларына бағытталған.