×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

Астанада маса буып тұр: тұрғындар жан-жақтан шағымдануда

09.06.2024, 11:29
Фото: Ашық дереккөзден

Астаналықтар қаладағы жәндіктердің кенет көбейіп кеткеніне шағымданады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Елорда тұрғындарының бірі видеода көргенін түсірді. Видеода желіде көп тарады. Кадрларда жүзге жуық масаның көпқабатты терезенің жанында жиналғанын көруге болады.

– Достар, Бұл Астана. Таңғалып отырмыз. Бұл 20-қабат. Бұл – Астананың орталығы, - дейді видеоның авторы.

Қазнет пайдаланушылары түсініктемелерде дәл осындай мәселе бүкіл мегаполисте және одан тыс жерлерде байқалатынын хабарлады.

– Оң жағалауда да маса, шіркей көп. Кеше біз ауылға бардық, онда күндіз жүру мүмкін емес. Олардан қайда қашып құтылуға болады? Оларды улап жатыр ма?

Қосшыда аулаға шығу мүмкін емес, онда адамдар қалай тұрады? Бұрын олар шіркейлерді, масаларды улайтын. Елордада көп! Көшеде жүру мүмкін емес, су тізеден келеді, - деп жазады тұрғындар.

Еске сала кетейік, бұған дейін Астана тұрғындары масаның кһптігіне алаңдаған еді. Әлеуметтік желілердегі видеода Астанадағы тұрғын үйлердің терезе торларын масалардың қалай қоршап алғанын көруге болады.

Серіктес жаңалықтары