×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Жаңа заң: Қазақстанда апаттардан міндетті сақтандыру жүйесі енгізіледі

09.06.2024, 11:59
Жаңа заң: Қазақстанда апаттардан міндетті сақтандыру жүйесі енгізіледі
Коллаж: ulysmedia.kz.

Бұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектеновтың сенаторларға берген жауабында жазылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сенаторлардың сауалы

Бұған дейін депутаттар табиғи апаттар салдарынан келтірілген залалды өтеу тәртібін реттеу мәселесін көтерген еді. Олар халықты табиғи апаттардан, оның ішінде су тасқынынан сақтандыруға және қорғауға бағытталған тиісті заң жобасын әзірлеуді ұсынған.  керектігін айтысқан.

Бектеновтың жауабы

Үкімет басшысы бұл ұсынысқа берген жауабында халықаралық тәжірибені зерделеу және Қазақстанның сақтандыру нарығын талдау қорытындысы бойынша жұмыс тобы Қазақстанда апатты оқиғалардан міндетті сақтандыруды енгізу туралы шешім қабылдағанын айтады.

«Тиісті заң жобасын Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әзірлейтін болады», - делінген жауапта.

Осы заң арқылы мемлекеттік органдардың жауапты орындаушыларын айқындай отырып, апатты оқиғалардан сақтандыруды енгізу жөніндегі жол картасын бекіту көзделген. Сонымен қатар, апатты оқиғалардан сақтандыру моделін бекітіп, заңнамалық түзетулерді қоса алғанда, нормативтік құқықтық базаны дайындау жоспарланып отыр.

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, биыл бірнеше өңірді су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма берген.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.

Еске салсақ, елімізде су тасқыны аяқталды