×
476.27
515.47
5.41
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
476.27
515.47
5.41

Алматының жолын дұрыс жөндемеген компаниялардан 754 млн теңге өндірілді

10.06.2024, 13:08
Freepik

Алматы прокурорлары автомобиль жолдарын жөндеу кезінде заң бұзылған фактілерді анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Прокуратура не дейді

Алматы қаласының прокуратурасы Бас прокуратурамен бірлесіп автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтіп ұстау кезіндегі мемлекеттік сатып алу және жол қозғалысы туралы заңнаманың сақталуын тексерген. Алматы қаласының қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының қызметіне тексеру жүргізілген.

Тексеру нәтижесі

Тексеру нәтижелері бойынша құрылыс және күрделі жөндеу кезінде пайдаланылатын автомобиль жолдарын орташа жөндеуге сметалық норманы және бағалауды негізсіз қолдану, сондай-ақ жеткізушілер асфальттың тығыздығына әсер еткен асфальтты толықтай салмағаны анықталды.

Өндірілген сома

Анықталған заңбұзушылықтарды жою мақсатында Алматы қаласының қалалық мобилділік басқармасына қадағалау актісі енгізілді. Оны орындау үшін басқарма, жеткізушілерден бюджет қаражатын өтеу жөнінде талап-арыз жұмыстарымен қамтамасыз етті.

Жоғарғы соттың қаулысымен жеткізушілерден 754 млн теңге өндірілді.

Серіктес жаңалықтары