×
479.38
531.63
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.38
531.63
5.27

Армения ҰҚШҰ-ны қаржыландырудан бас тартты: ұйымға бұл қалай әсер етеді

10.06.2024, 13:54
Ulysmedia

Ресей СІМ Арменияның ҰҚШҰ-ны қаржыландырудан бас тартуына байланысты ұйымның 2024 жылға арналған бюджетін түзетуге тура келетінін хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Ресей СІМ не деді

ҰҚШҰ жұмысын штаттық режимде жалғастырады, кейбір жағдайда ұйымның хатшылығы қолда бар резервтерді пайдалана алады. 

"Ереван ұйымның жарғысына және ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің басқа да басшылары бекіткен құжаттарға сәйкес қаржылық талаптарды орындау міндеттемесін сақтайды, - деп РИА Новости РФ СІМ мәлімдемесіне сілтеме жасайды. 

Ведомство бұл тәсіл “тараптардың бірінің мүшелігін "тоқтата тұру” немесе тіпті тоқтату ниетіне қарамастан, қаржылық тәртіп сақталатын халықаралық ұйымдар қызметінің жалпы әлемдік тәжірибесіне сәйкес келетінін атап өтті.

Арменияның ҰҚШҰ-ға 2024 жылға арналған жарнасы 53,22 миллион рубль мөлшерінде белгіленген.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян ақпан айында Армения ҰҚШҰ-ға қатысуын "тоқтатты" деп мәлімдеді.

Мамыр айында Армения бұл ұйымды қаржыландыруды да тоқтатты.

Серіктес жаңалықтары