×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Қазақстанда 1 шілдеден бастап сұйытылған мұнай газ бағасы қымбаттайды

10.06.2024, 18:36
Фото: Энергетика министрлігі

Энергетика министрлігі сұйытылған газ бағасын түзетуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

1 шілдеден бастап сұйытылған мұнай газының бағасын түзету жоспарлануда.

Сұйытылған мұнай газының бір тоннасы үшін шекті көтерме баға 45 158 теңгені құрайды (бұрын – 40 320 теңге). Бұл ретте шекті бөлшек сауда бағасы өңірге байланысты литріне 5-тен 8 теңгеге дейін аздап өседі, - деп жазылған хабарламада.

Энергетика министрлігі бағаны көтеруге бірнеше себеп бар деп отыр:

Бүгінгі таңда сұйытылған мұнай газының бағасы оны өндірудің өзіндік құнынан әлдеқайда төмен. Осылайша СМГ өндірісінің өзіндік құны тоннасына 60 мыңнан 70 мың теңгеге дейін өзгереді. Ал өңдеуші зауыттар үшін қолданыстағы шекті көтерме баға тоннасына 40 320 теңгені құрайды. Осылайша өндірілген әрбір тонна газдан зауыттар 20-30 мың теңге көлемінде шығынға ұшырайды.

Жылдан жылға СМГ тұтыну көлемі күрт өсіп жатыр. Өткен жылдың өзінде Қазақстанда тұтыну 2022 жылмен салыстырғанда 400 мың тоннаға немесе 28%-ға өсті. Мәселен, 2023 жылы СМГ тұтыну көлемі 2,2 млн тоннаны құрады (2022 жылы 1,8 млн тонна). Қазіргі таңда тапшылық деңгейі шамамен 20-25 %-ға жетеді.

Қазақстандағы СМГ ең төмен бағалардың бірі-аймаққа байланысты – 54-тен 86 теңгеге дейін. Салыстыру үшін Ресейде бір литр газдың бағасы 132 теңге, Әзербайжанда – 171 теңге, Тәжікстанда – 273 теңге.

Сарапшылардың болжамынша, 2024 жылы ішкі нарықта тұтыну көлемі тағы 200 мың тоннаға артып, 2,4 млн тоннаны құрайды. Бұл жағдайда газ тапшылығы 30-40%-ды құрауы мүмкін.

Бұйрық жобасы қоғамдық талқылаудан өтіп жатыр.

Бұған дейін Қазақстанда сұйытылған газды шығаруға салынған тыйым ұзартылғанын хабарлаған болатынбыз. 

Серіктес жаңалықтары