×
478.93
534.96
5.16
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.93
534.96
5.16

2 адам қаза тауып, 4 адам жарақаттанған. Қарағандыдағы жол апаты

10.06.2024, 22:15
Әлеуметтік желіден

Әлеуметтік желілерде екі жүк көлігінің соқтығысып, адамдадар зардап шеккені туралы хабарлама тараған. Әсіресе олардың бірінде мектеп оқушыларының болғаны айтылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқыс оқиға Қарағанды облысындағы Алматы – Екатеринбург тас жолында болған.  Белгілі ақпарат бойынша екі MAN жүк көлігі соқтығысқан.    

Әлеуметтік желілерде апаттың видеосы тарап, соқтығысқан көліктерде жаттықтырушысы бар балалар болғандығы туралы хабарламамен жарияланған. Қарағанды облысының полициясы бұны жоққа шығарды.  

"Апат салдарынан жүк көліктерінің бірінің 20 жастағы жүргізушісі мен оның 31 жастағы жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Екінші көліктің жүргізушісі және бірінші жүк көлігінің үш жолаушысы (барлық ересектер) медициналық мекемеге жеткізілді. Балалардың жаттықтырушымен бірге көлік құралдарының бірінде болуы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды",-делінген Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.  

Апат фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды.