×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Шенеуніктер құмар ойын ойнамасын: Елімізде тағы бір петиция 50 мың қол жинады

Шенеуніктер құмар ойын ойнамасын: Елімізде тағы бір петиция 50 мың қол жинады
Фото: Pexels

Қазақстанда шенеуніктерге құмар ойындарына тыйым салуды талап ететін петиция 50 мың қол жинады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Халықты тонайды

Петицияның сипаттамасында шенеуніктердің билік пен қазынаға қол жеткізе отырып, мемлекеттік қаражатты үлкен көлемде жоғалтатыны жазылған.

Тек өз отбасыларын ғана емес, бізді де тонайды. Халықтың еткен еңбегін жоққа шығарады. Алматы облысының казиносындағы бір ғана ресми тексеру кезінде 305 шенеуніктің жарты миллиард теңгеден айырылғаны анықталды. Орташа алғанда, әрқайсысы шамамен 1,7 миллион теңгені салған, - делінген жазбада. 

Авторлар мұны тек бір тексеру көрсеткенін және бұл тек ресми түрде айтылған деректер екенін атап өтті. Бұл петицияға белсенділік танытқандар көбейіп, 50 мың қолға жетті. 

Елімізде қанша петиция жарияланды

Еске салсақ, қазақстандықтар шенеуніктердің құмар ойын ойнауына тыйым салуды талап етіп, петиция жариялады.

Сондай-ақ былтыр мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне ойын мекемелеріне баруға тыйым салу туралы тиісті жарлық 17 қарашадан бастап күшіне енді.

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев елімізде етек жайып келе жатқан лудомания мәселесіне қатысты пікір білдірген болатын.

Қазақстанда құмар ойынға тәуелділер саны күрт өсті. 

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы және ЛГБТ насихатына қарсы петиция 50 мыңнан астам дауыс жинады.