Мәжіліс депутаттары Елнұр Бейсембаев пен Анатолий Симонов журналистерге азық-түлікке айына қанша жұмсайтынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz тілшісі.
«Азық-түлікке шығын бәлкім, жалғыз ба, жоқ әлде отбасыммен бірге есептеу керек пе – соған байланысты шығар. Өз басым жалғыз өзіме азық-түлікке шамамен сол 50 мың теңге кетеді. Ал егер отбасыммен есептесем, айына азық-түлікке 200-250 мың теңге кетеді», - деді Анатолий Симонов мәжілістің кулуарында.
Ал Елнұр Бейсембаев көпбалалы отбасылардың қатарында екенін айтты.
«Біз шамамен 120 мың теңгедей қаржы жұмсаймыз. Үш балам, келіншегім, өзім үшін сондай шығын шығады», - деді ол.
Еске сала кетсек бұған дейін ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев азық-түлікке шамамен отбасы болып 50-60 мың теңге жұмсайтынын мәлім еткен еді.
Ulysmedia.kz тілшісі министрдің сөзі бойынша factcheck жасап, астанада 50 мың теңгеге қанша азық- түлік келетінін зерттеп көрген болатын.