×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Damumed сау адамды нашақор қылып қойған

12.06.2024, 23:55
Damumed сау адамды нашақор қылып қойған
Әлеуметтік желіден

Мадина Жарболова есімді алматылық келіншек Дамумед қосымшасына шағымданды. Оның сөзінше қосымшада өзін нашақор етіп көрсеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Келіншек бұл келеңсіз жайт туралы оқыста біліп қалған. Білген де өзі таңқалған. 

"Сіздердің барлығыңыз Дамумед бағдарламасын жақсы білесіз. Мен оны ешқашан қолданған емеспін, бірақ естідім. Бұл жолы перзентханадан үзінді көшірмені басып шығару үшін қолданбаны жүктеп алуым керек болды. Мен оқи бастадым, айналдыра бастадым және 2019 жылғы кездесуге тап болдым... Мен Өзім туралы оқыдым! Мен “есірткіге тәуелді адаммын”,”- деді ол желідегі парақшасында. 

Оның айтуынша, 2019 жылы ол қандай да бір себептермен емханаға бармаған.

"Онда барлық деректер көрсетілген. Мен жай ғана шошып кеттім. Мен қазір заңгерлерге жүгіндім, барамын, бұл істі тастамаймын, оны түсінгім келеді. Неліктен мұндай бейберекетсіздік жасайды?",- деп ашуланды ол.

Мадина кінәлі адамдар жауапқа тартылады деп үміттенеді.

Бұған жауапты  №17 қалалық емхана бұған оқиғаға байланысты тексеру жүргізілетінін хабарлады. Және Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасы «Damumed» қосымшасы іске қосылуы кезінде техникалық қателік болуы мүмкін екенін айтады. Қос тарап  «Damumed»-ке жалған мәліметті жою туралы арыз түсіруге ниетті. Егер қосымшадан өшірілмесе, іс сотқа жолданады.

Бұған дейін

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанның медицина саласындағы шығындары мәселесі жөнінде ойын ортаға салған еді.

Біртанов саланың проблемаларын шығындардың бірыңғай цифрлық мониторингінің болмауымен байланыстырады.

Аймағамбетовтың сыны

Денсаулық сақтау министрлігі онкологиялық ауруларды емдеуге бөлініп келген бюджет қаражатын қысқарту жөнінде шешім қабылдағанын бүгін депутат Асхат Аймағамбетов жазған еді. Ол денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың бұйрығын жариялады. Құжатта қаржыландыру орта есеппен 20% қысқарады делінген. Мәжілісмен бұл шешімді сынға алып, оның "кулуарлық" сипаты барын әрі талқылаусыз қабылданғанын мәлімдеді.