Арменияның тергеу комитеті жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру туралы бап бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Sputnik Армения басылымына сілтеме жасап.
Ереванда оппозициялық қозғалыс жақтастарының "Отан үшін Тавуш" наразылық акциясы өтіп жатыр. Қозғалыс жетекшісі архиепископ Баграт Галстанян бұған дейін Премьер-Министр Никол Пашинян бастаған Үкіметтің отставкаға кетуіне қол жеткізу үшін төрт күндік тоқтаусыз акцияны бастауға шақырған.
Митингке қатысушылар Еревандағы Баграмян даңғылына жиналды. Алайда наразылық полициямен қақтығысқа жалғасты. Қақтығыс кезінде полицейлерге әртүрлі заттарды лақтырып, ұрып-соғу болған.
“Полиция наразылық білдірушілерді басу үшін арнайы құралдарын, 10-нан астам жарық-шу гранаталарын қолданды. Жеті адам жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді. Акцияны таратқаннан кейін 55 адам медициналық көмекке жүгінді”, деп хабарлады Армения Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Зардап шеккендер негізінен жеңіл және орташа ауыр жарақаттар алған. 10 полиция қызметкері де зардап шекті.
Наразылық акциясы барысында 86 азамат ұсталды.
"Отан үшін Тавуш" қозғалысының кейбір қатысушылары үкімет ғимаратына қарай бет алды. Архиепископтың айтуынша, Никол Пашинян Үкімет ғимаратында орналасқан. Наразылық білдірушілер түнді лагерьде өткізуге ниетті.
Архиепископ Баграт Галстанян 13 маусым күні таңертең Үкімет отырысы қарсаңында үкіметтен қайта жиналуға шақырды.
Арменияның тергеу комитеті жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру туралы бап бойынша қылмыстық іс қозғады.