×
476.27
515.47
5.41
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
476.27
515.47
5.41

Түркістан облысында ұйым басшыларын бопсалаған блогерлер ұсталды

13.06.2024, 12:44
Фото: ашық дереккөз

Түркістан облысында полиция бопсалау дерегіне қатысы бар күдікті 2 блогерді ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Басшыларға қоқан-лоққы жасаған 

Түркістан облыстық ПД ҰҚҚКБ және Сайрам аудандық полиция басқармасының қызметкерлері бопсалаудың бірнеше фактілеріне қатысы бар екі блогерді анықтады.

Күдіктілер ұзақ уақыт бойы Сайрам ауданының аумағындағы түрлі ұйымдардың басшыларына қоқан-лоққы жасап, ақша бопсалаумен айналысқаны анықталды.

Қамауға алынды

Олар жәбірленушінің іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратпас үшін ақша алып тұрған сәтте ұсталды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды.

Ұсталғандар қамауға алынып, заттай дәлелдемелер тәркіленді. Күдіктілердің бірі бұрын сотталған.

Серіктес жаңалықтары