×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

«Шегіртке халал» деп көңілдеріңді көтеру үшін айттым – Жұманғарин

13.06.2024, 13:47
«Шегіртке халал» деп көңілдеріңді көтеру үшін айттым – Жұманғарин
Коллаж: ulysmedia.kz.

Вице-премьер Серік Жұманғарин «шегіртке халал» деген сөзінің қызу талқыға түскенінен хабардар екен. Бұл сөздерінің мәнін журналистер одан Сенатта тағы сұрады, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

Жұманғарин не дейді

– Сіздің "шегіртке халал" деген сөзіңіз қызу талқыланып жатыр. Қазақстандықтардың кейбірі не себепті шегірткені жеуді ұсынғаныңызды түсінбек әлек. Бұған не дейсіз? - деп сұрады журналистер Серік Жұманғариннен Сенат кулуарында.

Бұл сұраққа жауап берген Жұманғарин Қазақстанда "шиеленісті" қоғамдық-саяси өмір барын айтады. 

– Мен сіздермен көптен бері сөйлесіп жүрмін ғой. Мен кейде көңіл көтеру үшін де осындай сөздерді айтамын. Кейде сіздердің көңілдеріңізді көтеру үшін осылай сөйлеймін.

Бірақ мен шегірткені біреуге жеуге ешқашан кеңес берген емеспін. Қай жерде олай айтылды? Әңгіме барысында мен оның халал өнім екенін айттым. Білуімше, белгілі бір БАҚ-тар факт- жасады. Бұл іс жүзінде солай. Бірақ ары қарай әңгімені өрбітпей, осы жерден тоқтау керек. Мен жауапты мемлекеттік қызметкермін әрі азаматтарға ешқашан шегіртке жеуге кеңес бермеймін. Бізде, Құдайға шүкір, азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етілген, - деді Жұманғарин.

Журналистер "яғни, сіз жай ғана көңіл көтергіңіз келді ме?" деп сұрады.

– Олай емес. Бірақ бұл жағдай жылдан жылға қайталанатындықтан (шегірткелердің шабуылы), ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы бұрыннан тиісті тапсырма алды. Ол қазір әлемдік тәжірибені талдаумен айналысады: басқа елдер осы жәндіктермен қалай жұмыс істейді, оларды қалай өсіреді, ұстайды - зерттеп жатыр.

Тарихи тұрғыдан алғанда, біздің аумағымыз олардың көбеюіне қолайлы болғандықтан, біз ел ретінде бұдан қандай пайда көре алатынымызды түсінуге тырысайық. Менің ойымша, бұл логикалық тәсіл, мемлекеттік тәсіл. Мүмкін, мемлекеттік ақшаны жұмсамауға мүмкіндік беретін, өз қаражатын жұмсайтын инвесторлар табылар, - дейді ол.

Вице-премьер бұл әрине, ұзақ процес екенін айтады. Тиісті жобалық негіздемелерді жүргізіп, бұған мақсатты қаржыландыру қажет болуы мүмкін. 

– Біз қараймыз. Енді олар жобаға дейінгі дайындық деп аталады, біз халықаралық тәжірибе жинаймыз, шегірткелер үшін қоғамдар әлемінде не істейтінін көреміз. Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарының сүйікті тақырыбы бұл. Үкімет шегірткелер шабуылына биыл ең үлкен дайындықта болды, – дейді ол.

Жұманғариннің сөзі

Күні кеше мәжіліс кулуарында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин мырза шегірткенің шындығында халал өнім екенін айтқан. Factcheck.kz журналистері бұл ақпараттың қаншалықты шындыққа жақын екенін тексеріп көрген.

Әңгіме тілшілердің Жұманғарин мырзаға шегірткелер туралы сұрағынан басталған. Премьер-министрдің орынбасарынан зиянкестермен күрес қалай жүріп жатқанын білмек болған. 

“Шегіртке әрқашан бізбен бірге болды. Динозаврлар мен мамонттардың құрдасы. Біз онымен әрдайым күресіп келеміз, күресе береміз. Кейбір елдер оларды өндіруді және олардан керемет ақуыз тағамдарын дайындауды үйренді. Әрине, бұл бізге келмейтін шығар. Бірақ, шын мәнінде, бұл халал өнім,”- деп жауап берді Серік Жұманғарин.

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы, Шариғат және пәтуә бөлімнің маманы Елбек Тасболатұлы шариғат бойынша шегірткенің адал екенін айтады.

“ҚМДБ ұстанатын ханафи масхабында пайғамбардың хадисі бойынша екі өлексе адал етілді, соның бірі — шегіртке. Оны жеуге болады. Алайда, адал деген сөз жей беруге болады деген сөзді шығармайды. Яғни оны жеу міндеттелмейді, әр өңірдің табиғаты мен мәдениетіне байланысты жеп/жемеу әркімнің өз еркінде,”- дейді дін қызметкері.

Жоғарыда айтылған хадисті пайғамбардың сахабаларының бірі Абдуллах ибн Омар жеткізген. Аталған хадисті ҚМДБ-ның ресми сайтынан және ҚМДБ-ға тиесілі “Халал даму” стандарттау және сертификаттау орталығының сайтынан табуға болады.