×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Президент қолдауы болмаса, министрлерге жұмыс істеу қиын – Асхат Аймағамбетов

14.06.2024, 14:14
Президент қолдауы болмаса, министрлерге жұмыс істеу қиын – Асхат Аймағамбетов
Фото: ашық дереккөз

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Ulysmedia.kz порталына берген сұхбатында кезінде министр болып тұрғанда кейбір ЖОО-ны жабамын дегенде бірнеше топ өзіне қарсы шыққанын айтты.

Журналист экс-министрге «Президент қолдауы болмаса, министрлерге жұмыс істеу қиын ба?» деген сұрақ қойды.

Қиын. Өйткені саяси қолдауды сезінсең, білсең, оны басқалар да сезінеді, көріп-бақылап отыр ғой, реформаң қабылданады. Мысалы, талапқа сәйкес келмейтін ЖОО-ын жабамыз дегенде, маған қарсы үлкен топтар болды. Бірақ Президенттің қолдауының арқасында, мінез көрсете алдық. Ойға алған реформамызды іске асырдық. Екіншіден, біз директорлардың ротациясын енгіздік. Қазақстанда 20 мыңға жуық адамға (директор) бұл ауыр соққы, мен оны түсінемін.

Егер мен директор болсам, маған да министрдің шешімі ұнамаушы еді. Тағы бір мысал. ЖОО бітіріп жатқан түлектерге (педагогика бойынша) өз пәні бойынша тест тапсыру керек дедік. Бірінші жылы 40 мың осындай түлек тест тапсырды. Сонда 90 пайызы мектептің бағдарламасы бойынша дайындалған сұрақтарға жауап бере алмады. 4 жыл соның оқуын оқыса да. Соған байланысты 86 ЖОО-да педагогика бойынша мамандық болса, соның 36-ның лицензиясын қайтып алдым. Өйткені 4 жыл оқытып шығарған түлектері тесттен өте алмады. Маған айтылған сынның бірі - оқу жылын ұзарту. Ата-аналар реніш білдірді. Бізде сабақ оқитын уақыттан демалатын уақыт көп (күндер). Бүгін түсінбейтін сұрақтар болса да, оның жемісі кейін белгілі болады. Сол кезде түсінеді, – деді Асхат Аймағамбетов.