Ресейліктер вакциналаудың баяу қарқынмен жүріп жатуын халықтың мемлекетке сенім артпауымен байланыстырады. Шын мәнінде қалай? GxP News сараптамалық бюросы зерттеуіне сүйенсек, билікке деген құрмет, полицияға деген сенім мен вакцинаға деген қарым-қатынастың арасында ешқандай байланыс жоқ, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Бұл туралы Telegram арналардың бірінде жазылды.
Зерттеу нәтижесінде ұлттық мақтаныш сезімі пен қоғамдағы діннің маңыздылығы вакциналауға кері әсер ететіндігі анықталды.
Сондай-ақ, ресейліктер үшін коронавирус жұқтырғандар саны және адам құқығы, табыс пен материалдық байлыққа ұмтылу, сыбайлас жемқорлық деңгейі және экономика, әйел мен ердің теңдігіне көңіл бөлу, постматериалдық құндылықтардың даму деңгейі маңыздырақ.