×
480.63
535.13
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.63
535.13
5.27

Алматыда Мұрат Әуезовпен қоштасып жатыр

Фото: Ulysmedia.kz

Бүгін, 16 маусымда Алматыда белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Әуезовті жерлеу рәсімі өтіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әуезовтің туыстары мен жақындары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрына жиналды. Мұнда қоғам қайраткерлері, Сенат депутаттары мен журналистер де бар.

Ulysmedia тілшісі хабарлағандай, әйгілі мәдениеттанушымен қоштасуға бірнеше ондаған адам келді. Арасында Үкіметтен Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бар.

Еске алу қонақасын бүгін сағат 13:00-де Құрманғазы көшесі, 44 мекен жайындағы «Қабылдаулар үйінде» өткізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, кеше 81 жасында қазақстандық қоғам қайраткері Мұрат Әуезов қайтыс болды. Ол ұлы жазушы және қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовтің ұлы болған.

Мұра

Мұрат Әуезов саясаткер ғана емес, сонымен қатар еңбектері Қазақстанның ұлттық мәдениетін сақтауға және дамытуға ықпал еткен мәдениеттанушы болды. Оның қызметі әкесі Мұхтар Әуезов қалдырған мәдени мұрамен тығыз байланысты еді.

Мұрат Әуезов 

82 жасқа қараған шағында Мұрат Мұхтарұлы Әуезов дүниеден озды.

Мұрат Мұхтарұлы Әуезов – 1943 жылы қаңтар айының 1 жұлдызында Жамбыл облысы, Меркі кентінде дүниеге келген. 

Ол – мәдениеттанушы-ғалым, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Тарлан сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының докторы, ҚР Журналистика академиясының академигі, заңғар жазушы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің баласы. 

Ғалым М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Шығыс тілдері институтын «Қытай филологиясы» мамандығы бойынша бітірді. КСРО Ғылым Академиясының Әлем әдебиеті институтында әдебиет теориясы бойынша филология ғылымдарының кандидаты дәрежесі үшінгі диссертацияны қорғады. Қазақстан Журналистика Академиясының 27.02.2007 жылғы жалпы жиналысы арқылы академияның толық мүшесі болып сайланды.

Мұрат Әуезов «Қазақфильм» киностудиясында бас редакторы (1981-1987), Қазақстан Жазушылар одағының көркем аударма және әдеби өзара байланыстар жөніндегі Алқасын басшысы (1988-1990), Қазақстандағы «Мир» телерадиокомпаниясының көркемдік жетекшісі (1990), Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланып, Кеңес Президумының мүшесі, парламентаралық байланыстар жөніндегі Комитеттің төрағасы (1990), Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры (2003-2006) секілді жоғары қызметтерді атқарды.