Астанада маңызды көшелердің бірінде қозғалаыс шектеледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәңгілік Ел даңғылы бойынша Хусейн бен Талал көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізеді.
Осыған байланысты, 16 маусым мен 1 шілде аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылатын болады. Бұл ретте қозғалыс екі бағытта да тараптардың бірі бойынша жүзеге асырылатын болады.
Астана тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауы қажет екендігін ескертті әкімдік.