×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

Атырауда әйелді пышақтаған ер адам іздестіріліп жатыр

Фото: Атырау облыстық ПД

Полиция Атырауда әйелді пышақтаған ер адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Облыстық ПД мәліметінше, ер адам мен әйел азаматтық некеде болған. Қазір шабуылдаған адам іздестіріліп жатыр.

9 маусым күні Атырау қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде 30 жастағы әйелді өлтіруге оқталған 29 жастағы күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Жеке басы анықталып, күдіктіні ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Күдікті мен жәбірленушінің азаматтық некеде тұрғаны анықталды, - делінген Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Еске салсақ, бұған дейін Атырауда ер адамның әйелді пышақтағаны видеоға түсіп қалғанын жазған болатынбыз. 

Серіктес жаңалықтары