×
481.68
522.48
5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.68
522.48
5

Құтқарушылардың 90% пәтерге мұқтаж – министр

18.06.2024, 11:47
Құтқарушылардың 90% пәтерге мұқтаж – министр
Коллаж: ulysmedia.kz.

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов елдегі құтқарушылардың пәтер мәселесі келесі жылдан бастап шешілуі мүмкін екенін болжайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Пәтер мәселесі

– Сіз жұмысыңызды бастаған кезде құтқарушылардың пәтер мәселесін шешуді қолға алатыныңызды айтқан едіңіз. Қазір алдын ала есеп бар ма? Қанша құтқарушы пәтерге зәру? Олардың баспана мәселесін шешу үшін бюджеттен қанша ақша керек? – деп сұрады Ulysmedia.kz тілшісі министрден

Жауап

Бұл сұраққа жауап берген Әрінов қазіргі таңда министрлік тарапынан барлық қажетті шаралар қабылданып жатқанын айтады.

– Бүкіл қажетті келісімдер бар. Бірақ заңды тұрғыдан біз ол сұрақты әлі шешкен жоқпыз. Біздің ойымызша, қыркүйектен бастап Парламентке заңға енгізілетін өзгерістерді кіргіземіз. Ең басты мәселе – тұрғын үй төлемдерін алу. Біздің болжам, жоспар бойынша келесі жылдың басынан бастап сол мәселені шешеміз деп ойлаймыз, – дейді ол.

Алдын ала есеп бар ма деген қайта қойылған сұраққа министр “90 пайызы мұқтаж деп санай беріңіз” деді.