×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Алматы жарықсыз қалды. Енді сусыз қалуы мүмкін

18.06.2024, 20:35
Алматы жарықсыз қалды. Енді сусыз қалуы мүмкін
Әлеуметтік желіден

Алматының Бостандық және Медеу аудандарында электр қосалқы станциясында ірі апат орын алды, қаланың бір бөлігі жарықсыз қалды, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

Тұрғындарға шұғыл түрде су жинау туралы ескертіледі, өйткені электр қуаты сөнгеннен кейін сорғы станциялары су қабылдағышта тоқтауы мүмкін.

"18 маусымда сағат 18:49-да 160А және 157а қосалқы станцияларында Бостандық және Медеу аудандары тұтынушыларының бір бөлігі ажыратылып, электр беру желісі жергілікті ажыратылды. Тұтынушыларды қайта қосу бойынша авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде," – деп жазылған таратылған хабарламада. 

Бұған дейін

Экономикалық зерттеулер институты 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның 26 қаласында өмір сапасының рейтингін жариялаған еді.

 

Рейтинг 

Түркістан, Ақтау, Степногорск, Қызылорда және Атырау 110 көрсеткішті (70 статистикалық және 40 сауалнама)  рейтинг көшбасшылары атанды. 

Рейтингтің соңына қарай Көкшетау, Қонаев, Шымкент, Жаңаөзен және Ақтөбе қалалары жайғасқан.  

Көрсеткіштердің басым бөлігі статистика мен экономикалық блокқа жататынына қарамастан, республикалық маңызы бар қалалар рейтингте көшбасшы бола алмады. Мысалы, Астана жетінші, Алматы  он бірінші орынды иеленді.