×
478.58
520.84
5.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.58
520.84
5.44

«Айына 20 миллион теңге табамын»: клининг саласындағы 21 жастағы кәсіпкер өзін сынайтындарға жауап берді

19.06.2024, 00:15
Видеодан скриншот

Әлуеметтік желіде танымал жас кәсіпкер, блогер Нұрхан Нұрмаханбет Abylaikhan Omirbay ютуб арнасында өзінің жеке өмірі жайлы айтып, өзін сынайтындарға жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Нұрхан Нұрмаханбет бүгінде әлеуметтік желіде танымал жас кәсіпкер. Ол клининг саласында өзінің кәсібін ашып 200 адамды жұмыспен қамтып отыр. Қазақстанның алты қаласында филиалы бар. 21 жастағы жігіттің туған жері Алматы болғанымен өзі Таразда ата-әжесінің қолында өскен. Кішкентайынын ауыл тірлігіне араласып, еңбекқор болып ержеткенін айтады. Тоғызыншы сыныпты бітіріп Алматыға келіп клининг компаниясында жұмыс істеген.

“Ата-анама ақша жібердім. Бауырларыма киіп алып бердім,”- дейді ол алғашқы табысы туралы.

Үш айлық жалақысын ала алмаған бозбала жұмыстан кетуге мәжбүр болған. Содан өзінің клининг компаниясын ашып жұмыс берушілерін басып озуға сөз берген.

“Жұмыс күндері 40-50 тапсырыс түседі. 21 жасымда 200 адамды жұмыспен қамтып отырмын. Табысы айына орта есеппен 20 миллион болады” – дейді жас кәсіпкер.

Ол өзінің сыртқы келбетіне, болмысын қатысты сын айтатындарға жауап берді. 

“Мен оларға өте қатты мән бермеймін. Өмірде де сондаймын. Мен оған ұяламаймын. Адам болғасын қалай жаратты, солай жүресің. Бұл менің жеп отырған наным. Осы арқылы машинамды алдым. Блогымды жүргізіп жатырмын. Керісінше олар мені көтеріп жатыр,” – дейді Нұрхан. 

Бастапқыда бұған намыстанған жігіт қазір мұндай пікірлер өзін керісінше қайрайтынын жеткізді. Қазір ол 21 жасында жеке баспанасын, көлігін сатып алған. 

Серіктес жаңалықтары