×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстанда әскердегі сарбаздардың несиесін кейінге қалдыру ережесі әзірленді

19.06.2024, 10:55
Қазақстанда әскердегі сарбаздардың несиесін кейінге қалдыру ережесі әзірленді
Коллаж Ulysmedia

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "банк және микроқаржы қызметі мәселелері бойынша кейбір нормативтік актілерге" түзетулер енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қаулы жобасына сәйкес, микроқаржы ұйымы кредиттік бюродан мерзімді әскери қызметке шақырылған қарыз алушылар бойынша деректерді алған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мерзімді әскери қызметті өткеру мерзімін және ол аяқталғаннан кейін 60 күнтізбелік күнді қамтитын кезеңге төлемдерді кейінге қалдыруды ұсынады.

Төлемдерді кейінге қалдыру қосымша келісімдерге қол қоймай, микрокредит мерзімін ұлғайта отырып және төлемдер мөлшерін сақтай отырып, МҚҰ айқындайтын тәсілмен ұсынылады.

Қаулы жобасы 1 шілдеге дейін талқыланады.

Бұған дейін мерзімді сарбаздарға кредиттер бойынша кейінге қалдыру туралы заң жобасы Мәжіліске қайтарылған болатын.