×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Түркістан» жасанды бекінісі: экс-министр Мұхамедиұлының ұрлыққа қандай қатысы бар

«Түркістан» жасанды бекінісі: экс-министр Мұхамедиұлының ұрлыққа қандай қатысы бар
Коллаж: Ulysmedia.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстанның бұрынғы Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының жасанды «Түркістан» бекінісін заңсыз сату ісіне қалай қатысы барын түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі журналистердің сауалдарына жауап бере отырып, бұл бұған дейін де сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша бірнеше рет айыпталған Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты қылмыстық іс аясында анықталғанын хабарлады.

Өздеріңіз білесіздер, бутафор бекінісі мемлекетке қайтарылды, әзірге нақты (Мұхамедиұлының үстінен жаңа қылмыстық іс қозғала ма, жоқ па – ред.) айта алмаймын.

Қандай да бір өзгерістер болса, ақпарат жаңартылған кезде хабарлаймыз. Бұл Мұхамедиұлының кезінде болған және ол Мұхамедиұлы ісінің аясында анықталды, - деді департамент қызметкері Данияр Бегайдаров.

Бутафор бекінісі

Еске салайық, 2017 жылы Алматы облысының Іле өзен жағасындағы «Көшпенді» киножобасы аясында салынған жасанды «Түркістан» бекінісі Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы басшылығымен үлестес коммерциялық ұйымның нарықтық құнынан 44 есе төмен бағамен сатылған. 2014-2019 жылдар аралығында Мәдениет министрі қызметін қазір сотталған Арыстанбек Мұхамедиұлы атқарды.

Сот Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық киностудиясы» АҚ вице-президенті Серік Жұбандықовты кінәлі деп танып, бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды.