×
490.84
536.88
5.04
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
490.84
536.88
5.04

Росатом Өзбекстанда салатын АЭС-ке 250 шақырым жерде 3 млн қазақстандық тұрады

19.06.2024, 16:54
Росатом Өзбекстанда салатын АЭС-ке 250 шақырым жерде 3 млн қазақстандық тұрады
Коллаж: ulysmedia.kz.

Қазақстан Энергетика министрлігі Өзбекстандағы атом электр станциясының құрылысы жайлы ақпарат таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Өзбекстандағы АЭС

Росатом Жизақ облысы Тұзқан көлінің маңындағы алаңда атом электр станциясын салады. Бұл жер Қазақстан шекарасына жақын орналасқан – бар-жоғы 55 шақырымда.

250 шақырым радиуста Түркістан облысы мен Шымкент қаласының халқы тұрады. Онда тұратын адам саны 3 млн адамнан асады.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың 27 мамырында Владимир Путин мемлекеттік сапармен Өзбекстанға барған.  Сол кезде Ресей Жизақ облысында АЭС салуды көздейтін хаттамаға қол қойылды. Росатом станция құрылысының бас мердігері болады, құрылысқа өзбек компаниялары да тартылады.

АЭС-ті қай мемлекет салады

Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі әлі де күн тәртібінен түскен жоқ, жуық арада түсе де қоймайтыны анық. Әуелі АЭС құрылысы жайлы сөз болғанда жұртшылықтан қолдаудан гөрі қарсылық көп болған. Үлкен ауылындағы бір тыңдаудан кейін билік те референдум өткізбей, шешім қабылдау қиын екенін түсінсе керек. Тоқаев "референдум өтеді" дегелі алты ай өтіп кетті. Оның өтер күні әлі белгіленген жоқ.

Ulysmedia.kz тілшісі осы тақырыпта Қазақстан атом электр станциялары компаниясының басшысы Тимур Жантикинді сөзге тартып көрген еді.

Бұған дейін Еуропалық одақтың санкциялар жөніндегі халықаралық арнайы өкілі Дэвид О ' Салливан Қазақстанға атом электр станциясын Росатом салса, Еуроодақ біздің елге санкция сала ма деген сұраққа жауап берді.