×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

ҚТЖ-ның вокзал жолдарын жалға беру әрекетіне қатысты сотқа шағым берілді

ҚТЖ-ның вокзал жолдарын жалға беру әрекетіне қатысты сотқа шағым берілді
Фото: Inbusiness.kz

«ҚТЖ» ҰҚ» АҚ аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік мүлікке билік ету кезінде негізсіз артықшылық беру фактілері анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не болды

Осылайша, теміржол операторы 3 жыл бойы "Востокмашзавод" АҚ-ға мүліктік жалға беруге жатпайтын станциялық жолдарды уақытша меншікке берді, бұл жалға алушыларға 4 миллиард теңгеге жуық бос тұрған вагондар үшін міндетті төлемдерді болдырмауға мүмкіндік берді, – деп мәлімдеді Бас көлік прокуратурасы.

Облыстық соттарға талап арыз

Осыған байланысты прокуратура Абай, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды облыстарының соттарына жалға беру шарттарын бұзу туралы, талап арыздар берді.

Қазіргі уақытта қадағалау органының талаптары толық көлемде қанағаттандырылды (сот шешімдері заңды күшіне енген жоқ).