21 жастағы Алматы тұрғыны ҚазҰУ университетінің студенттерін ақылы бөлімнен ректордың грантына ақылы түрде ауыстырамын деп алдап кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
2023 жылдың қарашасынан 2024 жылдың ақпан айына дейін ол төрт адамды алдап, алаяқтықпен жеті миллион теңгеден астам табыс тапқан.
Ол жәбірленушіден алған ақшаны қалауынша жұмсаған, – деді сот.
Сотталушы қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағына (Бірнеше рет жасалған алаяқтық) сәйкес кінәлі деп танылды. Ол екі тараптың келісімге келуіне байланысты, сондай-ақ материалдық шығынды толық өтегеннен кейін қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.
Сот оған жәбірленушілерге өтемақы қорына 36 920 теңге мәжбүрлі төлем өндіруді міндеттеді.