×
477.03
521.44
5.43
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
477.03
521.44
5.43

БҰҰ: Израиль Газадағы бейбіт халықты жеткілікті түрде қорғамайды

19.06.2024, 22:45
Коллаж Ulysmedia

Біріккен ұлттар ұйымының айтуынша Израиль ХАМАС қозғалысының содырларына қарсы соғыста Газа секторындағы бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігіне мән бермейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Фолькер Түрік сәрсенбіде Женевада өткен конференцияда айтты.

Израиль әкскерінің бейбіт тұрғындарына аса алаңдамайтындығы жөнінде бірнеше мысалы келтірген. Оның арасында былтыр қазан айында "Гаарец" газетіне берген сұхбатында Израиль әскери өкілінің сөздері де бар.

“Израиль, әрине, соққылардың ауқымдылығы мен жойылу ауқымын өлшейді, бірақ "қазіргі уақытта біз ең көп зиян келтіруге назар аударамыз", - дегенін мысалға алған.  

Немесе Израиль армиясы өкілінің: "Біз адам кейпіндегі аң секілдіміз. Израиль Газа секторына жалпы блокада енгізді. Электр қуаты да, су да жоқ, тек қана шығын бар. Сіз тозақты қаласаңыз - біз оны ұйымдастырамыз” дегені де бар.

Газа секторында бейбіт тұрғындардың жаппай қырылуы  

БҰҰ 9 қазаннан 2 желтоқсанға дейін Газа секторына Израильдің алты соққысын зерттеді, онда бетонды тесетін және ғимараттың бірнеше қабатын бірден бұзуға қабілетті бомбалар қолданылды. Нәтижесінде тұрғын үйлер, мектеп, босқындар лагері мен базар қирап, кем дегенде 218 адам қаза тапты. 2 желтоқсандағы соққыдан диаметрі 130 метр аумақ қирады, 15 үй толығымен жойылды, тағы 14 - і бүлінді.  

БҰҰ-ның есебінде Израиль бойынша бейбіт тұрғындарға соққы бере алатын зымырандар шығаратын палестиналық қарулы топтар да айыпталуда. Құжатта әскери техника мен сарбаздар халық көп шоғырланған жерлерде орналаспауы керек екендігі көрсетілген.  

Израиль БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі бюросын сынға алды  

Израиль өз кезегінде  БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі бюросын Израильге қарсы позицияда айыптады.

"Израиль бейбіт тұрғындарға қарсы емес, ХАМАС пен басқа да қарулы топтарға қарсы күресуде. ХАМАС содырлары мүмкіндігінше көп зиян келтіру үшін бейбіт тұрғындар арасында жасырынып жүр", - деп атап өтті ол. 

Бұған дейін

Иерусалимде Беньямин Нетаньяху үкіметінің соғысты тоқтату, кепілге алу және отставкаға кетуін талап ететін жаппай наразылық акциясы өткен еді. 

Серіктес жаңалықтары