×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

Қазақстанның бес облысында құрғақшылық болады

20.06.2024, 09:56
Фото: Ашық дереккөзден

Қазгидромет алдағы құрғақшылыққа байланысты ескерту жасап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Қазгидромет" РМК Қазақстанның бес облысында алдағы 10 күнде атмосфералық құрғақшылық басталатынын хабарлады. Олар:

  • Жамбыл облысы: Байзақ, Талас, Сарысу, Жуалы, Жамбыл және Рысқұлов аудандары;
  • Түркістан облысы: Түркістан, Сайрам, Шардара және Жетісай аудандары;
  • Қызылорда облысы: Арал ауданы;
  • Алматы облысы: Балқаш және Жамбыл аудандары;
  • Ұлытау: Ұлытау ауданы.

Сондай-ақ, синоптиктердің болжамына сәйкес, бірқатар облыста қатты жылу және өрт қаупі күтіледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мәжіліс аясында өз болжамын айтып, биыл жақсы өнім алу үшін ауыл шаруашылығы саласында не істеп жатқанын айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары