Көрермендердің сүйікті актрисасына айналған Дариға Бадықова жақында жаңа жобаны қолға алатынын, бұл 3 миллиард қаралып жинап, көрерменнің фильмі болатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ол жобасы туралы айтуға көз тие ме деп қорқатынын жеткізді.
Жүзімде басталатын жобаға үміт бар. Құдай маған мүмкін емес дүниені мүмкін етеді. Менің сағымды сындыру қиынға соғады. Себебі ақыл-есім бар, Құдайдың қызымын. Бұрын «Алматыға кетемін, келмеймін» дейтінмін. Үйдегілер біртүрлі қарайтын. Сыныптастарымды «жұлдыз боламын» деп күлдіретінмін. Шүкір, Алматыда қалдым. Өнерде ойып орын алдым. Продюсер болып, тағы 1-орын алып көрсем бе деп отырмын. Елден көшіп кетпесін десеңіздер, әрине менің орным болса, осы басталатын жобаны 3 миллиардтан асырайық. Одан асырмайтын болсақ, ренжимін. Ол қандай жоба, кім біледі? Айтуға қорқамын, көз тие ме деп ойлаймын, - деп жазды ол.
Дегенмен актриса фильмі не туралы болатынын жасырып қалды.
Қандай фильм екенін әзірге айтпай-ақ қояйын. Көзі өтіп кететін жандар бар екен. 3 миллиард болады деп ғаламға үндеу жасаймын. Бұл фильм алуы керек. Себебі бұл фильм – көрерменнің фильмі, - деп түйіндеді ол.