×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

Париж Олимпиадасына Қазақстаннан жартасқа өрмелеушілер де барады

22.06.2024, 11:25
ҚР ҰОК

Қазақстанның үш спортшысы Венгриядағы өткен олимпиадалық іріктеуде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Ulys Sport.

Будапештте спорттық альпинизм бойынша екінші олимпиадалық іріктеу турнирі өтті.

Ұлттық Олимпиада комитеті "жылдамдық" сатысында 1/8 финалға Әмір Баймұратов пен Ришат Хайбуллин шыққанын хабарлады. Айта кетейік, Баймұратов сайысты үздік нәтижемен аяқтады.

Сондай-ақ, бастапқы раундты Тамара Ұлжабаева жеңді. Турнирдің соңғы бөлімі бүгін, 22 маусымда өтеді. 

Жарыста олимпиада квоталары сарапқа салынады. Олимпиада ойындарына альпинистер қатысады, олар екі іріктеу қорытындысы бойынша алғашқы жеті орынды иеленуі тиіс.

Серіктес жаңалықтары