Қазір жоғары қысымды сорғылар жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
– Өртті сөндіру ішкі өрт крандарының көмегімен ішкі жағынан жүзеге асырылып жатыр. ТЖМ күштері мен құралдары жұмылған. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ, – делінген ТЖМ ақпаратында.
Астанада алып тұрғын ғимарат өртеніп жатқанын бұған дейін хабарлаған едік.
Нақтыланған мәліметтер бойынша ғимараттың сыртқы қаптамасы өртеніп жатыр. Үшінші дәрежелі өрт сөндірушілер сол жерде жұмыс істейді. 16 бірлік техника мен 72 адам жұмылдырылған.