Астанада көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесінде орналасқан кафенің бірінен өрт шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Өрт толық өшірілді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталып жатыр.
Еске сала кетейік, 22 маусымда Қазақстан астанасында премиум санатты көпқабатты тұрғын үйден өрт шыққан болатын. Құтқарушылар бірнеше адамды, олардың арасында бір баланы эвакуациялады. Ғимарат "Хан Шатыр" СОО жанында орналасқан.
Rixos Khan Shatyr Residences кешені 2012 жылы пайдалануға берілген. Құрылысын Қазақстандағы әйгілі Sembol Construction компаниясы жүргізген. Оның иесі – Түркия азаматы Феттах Таминдже. Кәсіпкер Қазақстандағы ең ауқатты байлардың бірі, бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың досы болған.