×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Шаруалар киіктерге тағы шағымданып жатыр

24.06.2024, 14:40
Шаруалар киіктерге тағы шағымданып жатыр
Коллаж Ulysmedia

Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров киік санын реттеу керек деп мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Айдарбек Сапаровтың айтуынша, фермерлер егінін отап кетіп жатқан киіктерге тағы шағымданған.

– Киіктер көбейіп келеді. Қалай болғанда да, менің ойымша, реттеу қажет. Ол деген міндетті түрде ату емес. Мұнда ұжымдастыра аулау әдісін қолданған абзал. Бүгін біздің ет комбинаттары дайын, стандарттар әзірленді, біз жұмыс істей аламыз, - деді ол.

Журналистер министрден ақбөкендерді ату керек пе деп сұраған.

– Мен ату туралы мәселені мүлде көтермеймін және айтпаймын. Біз тормен аулау туралы айтып отырмыз, - деді ол.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда ақбөкендер популяциясын шектеуге тыйым салынатынын айтқан болатын.

Ал ауыл шаруашылығы министрлігі ақбөкендерден фермерлерге келтірілген зиянды анықтау әдістемесін әлі әзірлеген жоқ.