Өңірде құрғақ және ыстық ауа райының басым болуына байланысты төтенше өрт қаупі сақталуда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысында 6 орман өрті тіркелген. Оның аумағы 0,3 гектарды құрады. Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған 31 тәртіп бұзушыны анықталған.
Қазір облыста Алтай, Марқакөл, Катонқарағай, Үлкен-Нарын аудандарында 2-дәрежелі өрт қаупі бар. 3-дәреже – Өскемен, Риддер, Күршім ауданы және Самар өңірінде.
Облыс аумағында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің «Өрт қаупі жоғары кезеңде Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры аумағында жеке тұлғалардың болуына тыйым салу туралы» қаулысы бар.
Өрт анықталса, дереу 101 және 112 телефондарына хабарласыңыз.