×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Димашпен бұрын аға-бауырдай едік, қазір байланыс жоқ — Әлішер Кәрімов

25.06.2024, 17:30
Димашпен бұрын аға-бауырдай едік, қазір байланыс жоқ — Әлішер Кәрімов
Коллаж Ulysmedia

Белгілі әнші Әлішер Кәрімов Димаш Құдайбергенмен араласпай кеткенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

- Шынымды айтайын, Димашпен қазір байланыс жоқ. Екі-үш ай бұрын студияда көрісіп қалдық. “Қалай жағдай, бәрі жақсы” деп бір-екі минут сөйлестік, болды. Туған күнімізбен бір-бірімізді құттықтамаймыз. Бір-бірімізбен хабарласпаймыз, – дейді ол журналист Асхат Садырбайға берген сұхбатында.

Журналистің “неге” деген сұрағына Димашпен Қытайға дейінгі байланысы мен қазіргі байланысы басқа екенін айтып, “оның уақыты жоқ шығар” деп болжайды.

- Мүмкін бұл (достық қатынас) оған керек те жоқ шығар. Мен “ұялы телефон нөмірін алмасайық” деп едім, қаламағандай болды. Мен сонымен қойдым. Сұрамшақтанғанды ұнатпаймын. Таңдауы шығар. Кез келген адамның таңдауын құрметтеймін, – дейді ол.

Әлішер бұрын Димашпен ылғи байланыста болғанын, аға-бауырдай араласқанын айтады. “Қазір соның бәрі артта қалды” дейді.