×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Құттұмұратұлы Ноғаевтың орынбасары болып тағайындалды

12.11.2021, 11:44
Құттұмұратұлы Ноғаевтың орынбасары болып тағайындалды
Фото: Ашық дереккөзден

Президент Әкімшілігінің келісімімен Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып Әлімұхаммед Құттұмұратұлы тағайындалды, деп хабарлайды деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлімұхаммед Құттұмұратұлының мемлекеттік қызметте үлкен еңбек өтілі бар. Мемлекеттік және коммерциялық құрылымдарда басшы қызметінде табысты жұмыс істеді, оның кандидатурасы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісілген.

Әлімұхаммед Құттұмұратұлының «Экономика» және «Құқықтану» мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар. Ол сондай-ақ, Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясының MPA (Master of Public Administration) бағдарламасының магистранты болып табылады. Мемлекеттік қызметте және жеке секторда үлкен жұмыс тәжірибесі бар.

2008 жылдан 2012 жылға дейін жергілікті атқарушы органдарда әртүрлі лауазымдарды атқарған. 2012-2016 жылдары Орал қаласы әкімінің орынбасары, Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы, Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы, 2016 жылдың мамыр айынан бастап Махамбет ауданының әкімі болған.

2017 жылдың тамыз айында Атырау облысы Жылыой ауданының әкімі болып тағайындалған. 2018 жылдың шілде айында Атырау қаласының әкімі лауазымына тағайындалды, онда 2020 жылдың 14 қаңтарына дейін жұмыс істеді. 2020 жылдың қыркүйегінен бастап бүгінгі күнге дейін «Жайықмұнай» ЖШС Бас директорының орынбасары қызметін атқарып келді.