×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Германияда қаза болған қазақ. Сайлыбаеваның ағасы не дейді

26.06.2024, 22:25
Германияда қаза болған қазақ. Сайлыбаеваның ағасы не дейді
Коллаж Ulysmedia

Экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның денесі жақын арада Қазақстанда жеткізіледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz "Қазақпаратқа" сілтеме жасап. 

Бұл туралы марқұмның ағасы Жанат Сайлыбаев айтты. Ол қазір Германияда жүр және Айгүл Сайлыбаеваны туған елінде жерлеу үшін денесін Алматыға жөнелту мәселесімен айналысып жатыр. 

Оқиғаның мән-жайы

Германияда 2024 жылдың жоғалып кеткен Қазақстан азаматы Айгүл Сайлыбаевты іздеу жарияланғанын бұған дейін хабарлаған едік. 

Бұл жайлы Podslushano.de Instagram парақшасынан ақпарат тарады. 

Айгүл Сайлыбаева 35 Tannbergstraße, Bensheim мекен-жайындағы үйінен кеткен. Содан бері одан хабар-ошар жоқ. Сайлыбаеваның телефоны өшірілген, ал хабарламалар жетпейді. Ол соңғы рет 2024 жылдың 3 маусымында Берлин уақытымен сағат 10:35-те хабарласқан.

Instagram-дағы жарияланымда Айгүлдің күйеуі Александр Донцов пен қайыненесі тарапынан зорлық-зомбылық ұшырауы мүмкін екені айтылады. Ол бұл мәселесін достарына бірнеше рет айтқан. Сайлыбаеваның үш жасар, неміс азаматы Жаклин атты кішкентай қызы бар. Туыстары Айгүлдің ешбір жағдайда қызын тастап кетпес еді дейді.

Bild басылымы таратқан мәлімет  бойынша, Айгүл Сайлыбаеваның денесі Бенсхайм қаласының шетінен табылған. 

"Мәйіт пластикалық қапта болды, әйел қайтыс болғанға дейін зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Қазір 35 тергеуші бұл істе жұмыс істеп жатыр. Әйелдің үйінде тінту жүргізілді", - деп жазды басылым.

Министрлік марқұмның туыстары Германияда  екенін және оларға барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіліп жатқанын айтты.