×
471.46
504.79
5.53
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
471.46
504.79
5.53

Әбіләзовтің ұрлығы: Трамптың экс-серіктесі Қазақстанға $32 млн төлеуге міндеттелді

27.06.2024, 16:31
Ulysmedia коллажы

Нью-Йорктің Оңтүстік округі бойынша АҚШ аудандық сотының қазылар алқасы БТА банкіндегі ұрлық туралы іс бойынша шешім шығарды. Сотта БТА Банкі мен Алматы әкімдігі жеңіп шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Жағдай қалай болды? 

Алматы әкімдігінің өкілдері мен БТА банкі Дональд Трамптың бұрынғы серіктесі Феликс Сатердің үстінен сотқа арыз түсірді. 

Шағымда “АҚШ экс-президентінің жақын танысы Феликс Сатер БТА банктің экс басшысы Мұхтар Әбілязов пен оның күйеу баласы Ильяс Храпуновқа 6 миллиард долларға жуық қаржыны жымқыруға көмектескен. Сондай-ақ, Сатер Дональд Трамп президент болмай тұрғанда Храпуновпен жүздестірген. Кездесуде екі тарап та инвестиция жөнінде сөз қозғаған”, делінген. 

Танымал бизнесмен бұған дейін екі мәрте істі болған.

Шағымда Трамптың криминалдық істен хабары болмауы мүмкін екендігі көрсетілді. 

Тарих

Қазақстанда Әбіләзов қылмыстық қоғамдастық құрғаны және "БТА Банкінен" $7,5 млрд-тан асатын қаражатты ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды. Экс-банкир елде экстремистік ұйым мойындаған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" тіркелмеген қозғалысының көшбасшысы. 

Биыл 19 наурызда Алматыдағы сот ескіру мерзіміне байланысты Әбіләзовтің ағасы Нұрғазин Қуанышты "БТА банкінде" ұрлық туралы іс бойынша жазадан босату туралы үкім шығарды. 

Серіктес жаңалықтары