×
475.39
513.37
5.4
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
475.39
513.37
5.4

5 жылға сотталған "Атамекеннің" бұрынғы төрағасы Мырзахметов апелляциялық шағым түсірген. Сот не деді?

27.06.2024, 23:20
Коллаж Ulysmedia

Мырзахметов пен оның қорғаушыларының апелляциялық шағымдары қанағаттандырылмады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Астана сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы "Атамекен" ҰКП-ның бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметовке қатысты аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген айыппен қылмыстық іс бойынша апелляциялық шағымдарды қарады.

"Сот үкіміне мүдделі тұлғалар шағымданды. Астана сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы мүдделі тұлғалардың апелляциялық шағымдарын қарау нәтижелері бойынша үкімді өзгертусіз, апелляциялық шағымдарды қанағаттандырусыз қалдыру туралы шешім қабылдады", - деп хабарлады сотта.  

Бұған дейін

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында “Атамекен”  Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметовке үкім шығарған еді.

“Сот үкімімен А.Мырзахметов аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде 10 жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айырыла отырып, мемлекет кірісіне қылмыстық жолмен алынған 5,8 млрд. теңге сомасында ақша қаражаты тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айырылды,”- деп жазды Астана қаласының қылмыстық істер жөнінде ауданаралық соты.  

Абылай Мырзахметов 1969 жылы 1 қаңтарда Түркістан облысының Жартытөбе ауылында дүниеге келген.  

Ломоносов атындағы ММУ түлегі. Негізгі мамандығы экономист.  

Еңбек жолын бірден "Алтын-Алма концерні" АҚ қаржы директорлығынан бастаған. 1997 жылы "Қазақстан темір жолы" РМК бас директорының бірінші орынбасары, кейін "Қазақстан темір жолы" РМК президенті болған. Ал 2001 жылдың қараша айында ҚР Көлік және коммуникация министрі болып тағайындалды. 

Серіктес жаңалықтары