2024 жылдың 28 маусымындағы NU қамқоршылық кеңесінің шешімімен президент қызметіне Ұлыбританияның азаматы А. Вакар таңдалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жаңа президент жайлы
Университеттің хабарлауынша, А. Вакар Брэдфорд университетінде (Ұлыбритания) PhD докторы дәрежесін алған.⠀
Доктор Вакар өзінің мансап жолында Йорк университеті мен Лондон университеттік колледжі (Ұлыбритания) профессоры қызметінен Мидлсекс университетінің (Ұлыбритания) проректорына дейін көтерілген. 2001-2004 жылдары доктор Вакар Ұлыбритания премьер-министрі канцеляриясы Ғылым департаментін басқарған.⠀
2017 жылдан бастап Абу-Даби университетінің ректоры болды. Ол басшылық еткен жылдары Абу-Даби университеті Times Higher Education беделді рейтингіндегі үздік университеттер арасында 250-300 диапазонына дейін көтерілді.
Сонымен қатар ол – беделді ғылыми басылымдарда жарияланған 90-нан астам ғылыми жұмыстың авторы.⠀
Министр Нұрбек не деді
Бұған дейін Қазақстанның Ғылым және жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбек Назарбаев университетінің бұрынғы басшысы Шигео Катсудың "оқу орнының академиялық еркіндігі мен институционалдық дербестігіне қауіп төніп тұр" деп мәліме еткен сөзіне жауап берген еді. Министр бұл дабылды негізсіз дегенге келтіреді.