×
471.46
504.79
5.53
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
471.46
504.79
5.53

Қырғызстандағы сел: Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеме жасады

29.06.2024, 20:30
Фото News24kg

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің телеграмм арнасында ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше көрші мемлекетке әуе кемесі жіберілуі мүмкін. 

“Қазақстан мен Қырғызстан ТЖМ басшылары орын алған табиғи сипаттағы ТЖ салдарынан кейін тікелей байланыста. Барлық қажетті үйлестіру және ақпарат алмасу жұмыстары жүзеге асырылуда.
Қазақстан ТЖМ Ош қаласына қаза тапқан азаматтардың денелерін тасымалдау үшін әуе кемесін жіберу мәселесін пысықтауда,”-деп жазды ТЖМ телеграмм арнасы.

28 маусымда Қырғызстанда қатты жауын-шашынның салдарынан Ош облысының Ноокат ауданындағы жойқын сел түсіп, тұрғындар мен туристер арасында шығынға ұшырады. Қырғызстан ТЖМ алдын ала деректері бойынша қаза тапқандардың арасында Қазақстанның кәмелетке толмаған азаматтары бар. Екі баланың денесі табылды, тағы екеуін іздеуде.

Қазіргі уақытта табиғи апат орнында қырғыз тарапының құтқару қызметтері жұмыс істейді. Қазақстандық дипломаттар жергілікті билікпен тұрақты байланыста. Қазақстанның Қырғызстандағы елшілігімізде қайтыс болған балалардың туыстарына барлық қажетті көмек көрсетіледі. Бұл қайғылы оқиға ҚР Сыртқы істер министрлігінің ерекше бақылауында.

Осыған байланысты Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қырғызстан СІМ басшысы Жээнбек Құлыбаевпен телефон арқылы сөйлесті, оның барысында төтенше жағдайдың мән-жайлары және екі елдің тиісті мемлекеттік органдарының өзара іс-қимылы талқыланды.

Серіктес жаңалықтары