×
471.46
504.79
5.53
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
471.46
504.79
5.53

Францияда парламент сайлауы басталды

30.06.2024, 12:28
AP Photo

Францияда кезектен тыс парламент сайлауында дауыс берудің алғашқы туры басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сайлаудың екі турында француздар ел Парламенті төменгі палатасының 577 мүшесін сайлайды. Елде мажоритарлық сайлау жүйесі сәйкес, кандидат толыққанды көпшілік дауыс алған жағдайда ғана жеңіске жетеді.

Сайлау учаскелері сағат 9:00-де ашылып, үлкен қалаларда сағат 21:00-ге дейін жұмыс істейді. Соңғы бөлім жабылғаннан кейін алғашқы экзит-полл нәтижесі белгілі болмақ.

Айта кетсек, сайлау өтуі тиіс уақыттан үш жыл бұрын және президент Макронның “Қайта өрлеу” партиясы Еуропарламент сайлауында әсіре оңшыл “Ұлттық қауымдастықтан” жеңілгеннен кейін үш апта өткен соң болып жатыр.

Жаңа парламенттің жоспары бір аптадан кейін, 7 шілдеде өтетін екінші турдан кейін белгілі болады.

Еске сала кетсек, 2022 жылғы парламенттік сайлаудың қорытындысы бойынша президенттік «Қайта өрлеу» партиясы мен оның одақтастары Ұлттық ассамблеядағы 577 депутаттық орынның 250-іне, ал әсіре оңшыл «Ұлттық қаукымдастық» партиясы 88 орынға ие болды. “Бағынбайтын Франция – NUPES”-те – 75, оңшыл «Республикашыларда» – 75, Социалистік партияда 31 орын болды.

Серіктес жаңалықтары