Павлодар облысында өз-өзіне қол жұмсамақ болған 21 жастағы полицейдің жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қазіргі таңда ер жігіт Павлодардағы №1 қалалық ауруханаға жатқызылған.
Дәрігерлер полицейдің жағдайы ауыр екенін және ес-түссіз күйге түскенін мәлімдеді.
«Науқас жансақтау бөліміне жатқызылды, жағдайы ауыр, комада, қолдан тыныс алдыру аппаратына қосылған», - делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, бұған дейін 2003 жылы туған кіші сержанттың өзіне қол жұмсау туралы хат қалдырып, “Макаров” тапаншасымен өзін-өзі атып, өлуге оқталғанын хабарлағанбыз. Оқиға Павлодар облысының Ертіс ауылында болған.