×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Қонаевты емдеген кардиолог Евгений Чазов өмірден өтті

13.11.2021, 08:42
Фото: ашық дереккөзден

93 жасқа қараған шағында ресейлік белгілі кардиолог Евгений Чазов өмірден өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz РФ денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Көрнекті кардиолог және ғалым, тромболитикалық терапияның негізін құрушы – Евгений Ивановичтің инфарктпен ауыратын науқастарды емдеудегі батыл ғылыми әзірлемелері, тромбозды емдеудегі жаңа тәсілдер Ресейде, Еуропа мен АҚШ-та кеңінен қолданылды. Миокард инфарктісін емдеуде қан ұйығыштарын ерітетін дәрі – фибролизинді қолдану тәжірибесін Евгений Иванович өз бетінше жүргізді. Кейіннен жақсартылған тромболитикалық терапияны қолдану мыңдаған адамдардың өмірін сақтап қалды. Осы дамуы үшін Евгений Чазов 1982 жылы Лениндік сыйлыққа ие болды.

2002 жылы Евгений Чазов Қазақ ұлттық медицина университетінің құрметті профессоры атанды.

«Бұл мені ерекше қуантады, өйткені менің жас кезімдегі республикадағы жұмысымды, Қазақстан басшысы Дінмұхамед Қонаевты қалай емдегенімді еске түсірді», – деген еді ол баспасөзге берген сұхбатында.

Евгений Чазов үш жыл бойы КСРО Денсаулық сақтау министрлігін басқарды. Оның жетекшілігімен кардиологияның белгілі ғылыми мектебі қалыптасты, жүзге жуық докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғалды.

Серіктес жаңалықтары