×
472.57
508.34
5.4
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
472.57
508.34
5.4

Дрондар шоуы, концерт пен отшашу: Астанада алдағы күндері өтетін іс-шаралар

02.07.2024, 17:12
Фото: Ашық дереккөзден

Елорда күні мен ШЫҰ саммитін өткізу қарсаңында 3 шілдеде ботаникалық бақта салют атылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Отшашуды іске қосудың болжамды уақыты сағат 22:00-ден 22:30-ға дейін болмақ.

Техникалық дайындық мақсатында 3 шілдеде сағат 19:00-ден бастап Ботатинкалық бақ аумағы ішінара жабылады. Бұл қоршау азаматтардың қауіпсіздігі үшін техникалық аймақ бөлімшесі үшін қажет. Отшашуды іргелес аумақтардан, соның ішінде «Ұлытау» скверінің аумағынан байқауға болады.

Естеріңізге сала кетейік, 6 шілде күні сағат 18:00-де ЭКСПО аумағында «Open Air» мерекелік концерті өтеді. Концерт аяқталғаннан кейін дрондардың жарық шоуын өткізу жоспарлануда. Дрондар шоуының шамамен өтетін уақыты сағат 22:15-те (22:30).

Серіктес жаңалықтары