×
472.57
508.34
5.4
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
472.57
508.34
5.4

Өрттен інісін алып шыққан 10 жастағы батыр бала кім

02.07.2024, 20:55
Ашық дереккөзден

Көкшетауда 10 жасар Артур Гаитов бір жастағы інісін өртеніп жатқан үйден құтқарып, керемет батылдық танытты. Осы ерлігі үшін ол Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен "Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін" медалімен марапатталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Артурдың үйінде өрт болғанда бала абдырап қалмаған. Алдымен ол электр қуатын өшіріп, содан кейін бір жасар бауырын қолына алып, оны терезеден шығарған.

Айта кету керек, Артур бұл ерлікті аяғындағы гипспен жүріп жасады, өйткені ол бұған дейін футбол ойнап жарақат алған. Ағайындылар қауіпсіз жерге шыққан соң Артур өрт сөндірушілерді өзі шақырған.

ҚР ТЖ министрінің бұйрығымен 10 жастағы батырға "Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін"  медалі табысталды. Марапатты Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары Асхат Ақылжанов тапсырды.

Жас батыр мамандық таңдау туралы шешім қабылдады. Өзі үшін Артур болашақта құтқарушы боламын деп шешкен.

Серіктес жаңалықтары