Шетел президенттері жиналған Астанада қонақ үйдің күндік бағасы бірнеше есе қымбаттап кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Астанадағы люкс қонақүйлерде тұру бағасы ШЫҰ саммиті күндері 10 есеге өскен деп жазады BES.media. Кейбір қымбат қонақ үйлерде бос орын жоқ.
Толығырақ
Мәселен, The St.Regis Astana өткізген бір түні үшін 1,3 миллион теңге, ал Hilton Astana қонақ үйінде бір күндік болу құны – 415 884 теңге төлеу қажет. Арзан бөлмелер қалған жоқ.
Саммиттен кейінгі күндерде бір күндік баға The St.Regis Astana-да күндік баға 123 470 теңгені, ал Hilton Astana-да 93 301 теңгені құрайды.
ШЫҰ саммиті
Ертең Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті Астанада өтеді. Ауқымды шараға 16 елден президенттер, үкімет басшылары және беделді халықарлық ұйым жетекшілері қатысады. Алқалы жиын алғаш рет ұйымға мүше мемлекет басшылары кеңесінің отырысы мен кездесуі форматында өтеді.
Астана декларациясынан бастап, «Әділ бейбітшілік, келісім және даму үшін әлемдік бірлік туралы» және «ШЫҰ-ын жетілдіру туралы» бастамалар қабылданады. Сонымен қатар, Беларусь ұйымға мүше мемлекет мәртебесі беріледі. Жалпы, мемлекет басшылары өзекті халықаралық әрі өңірлік проблемалардың шешімін қарастырады.