×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Өз анасын өлтірді деген жасөспірім: іс сотқа берілді

05.07.2024, 00:05
Өз анасын өлтірді деген жасөспірім: іс сотқа берілді
Әлеуметтік желіден

Оқиға Батыс Қазақстан облысында болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиға 2023 жылдың 18 қазанында болған. Шыңғырлау ауданында әйел өліміне қатысты тергеу сегіз айға созылды. 

"Мой город" порталының ақпараты бойынша, іс тек шілде айында ғана сотқа берілді.

“Оны мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соттың судьясы Динара Гильманова қарайтын болады. Сотталушы кәмелетке толмаған болғандықтан, сот отырысы жабық режимде өтеді. Жасөспірімге ҚР ҚК-нің 99-бабы, яғни "Кісі өлтіру" бойынша айып тағылған", делінген хабарламада.

Басты сот талқысы өтетін күн әлі белгіленбегені де нақтыланады.

Бұған дейін хабарланғандай, 16 жастағы бозбала БҚО-да өз анасын өлтірді деп күдікке ілінген. Ауыл әкімдігі аталған отбасының өте жақсы екенін, ешбір мүшесі есепке алынбағанын айтады.